2026 жылғы 27 тамызда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 57 кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 тамызда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 57 кезектен тыс сессиясы өтті. Негізгі мәселелердің бірі Дубовка кентінде газдандыру бойынша жобаны іске асыру бөлігінде Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу болды. Аталған мәселе бойынша «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м. а. Б.Б. Абдрахманова баяндама жасады. Сондай-ақ, депутаттар ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізумен байланысты әзірленген «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ жаңа Ережесін бекітті. Қаралып отырған мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Абай қаласының, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясының Абай аудандық филиалының төрағасы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-abai/press/news/details/1281884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді