
Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің меншік иелері шақырылып, олардың пікірлері тыңдалды, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша жауаптар берілді. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім мәслихат сессиясында қабылданады.
Сонымен қатар Өскемен қаласы әкімдігінің «Самғау» мәдени қызмет пен бұқаралық спортты дамыту орталығы» КМКК-ның қалалық коммуналдық мүлкін, атап айтқанда, Бажов көшесі, 331/3 мекенжайындағы тұрғын үйдің бірінші қабатындағы тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ Қабанбай батыр көшесі, 112А мекенжайындағы тұрғын үйдің жертөле үй-жайын жекешелендіру мәселесі қаралды.
Аталған үй-жайлар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай келеді және мемлекеттік қажеттіліктер үшін сұранысқа ие емес. Осыған байланысты депутаттар оларды конкурстық негізде жекешелендіру рәсімін жүргізуге келісім берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1282122?lang=ru

Жауап қалдыру