Әуезов ауданында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданында 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша жалпы білім беретін мектептер мен колледж директорларының қатысуымен кеңес өтті. 

Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтар мен буллингтің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету және тәрбие жұмысын күшейту мәселелері қаралды.

Жиынға білім беру саласының өкілдерімен қатар прокуратура, полиция, ювеналды полиция және психологиялық қызмет мамандары қатысты. Спикерлер балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және психологиялық қолдау бағыттары бойынша баяндама жасады.

Кеңес қорытындысында жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және мектеп, ата-ана мен жауапты мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейту бойынша бірқатар міндеттер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1282287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді