
«Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не бару өткізілді.
Сапар барысында арнайы әлеуметтік қызметтер алушылардың тұру жағдайлары және олардың құқықтарының сақталуы қаралды. Атап айтқанда, қызмет алушылардың құқықтық мәртебесі, жеке құжаттарды рәсімдеу, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді алу және пайдалану, сондай-ақ жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына қатысты мәселелер зерделенді.
Тұрмыстық жағдайлар, үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, кедергісіз ортаның қолжетімділігі және жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілуі бағаланды. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы жүргізу, дәрілік заттарды сақтау және есепке алу, сондай-ақ жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға күтім жасау мәселелері қаралды.
Ас блогы мен асхана тексеріліп, тамақтануды және ауызсу режимін ұйымдастыру, бекітілген мәзір мен тамақтану нормаларының сақталуы зерделенді. Сондай-ақ қатыгез және адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынастың алдын алу, туыстарымен байланысты қамтамасыз ету, өтініштер беру және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің байланыс деректері туралы ақпараттандыру мәселелері қамтылды.
Қызмет алушылармен құпия әңгімелесулер өткізілді.
Барудың қорытындысы бойынша орталық басшылығына анықталған мәселелерді жою және арнайы әлеуметтік қызметтер алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1282054?lang=ru

Жауап қалдыру