
Алакөл ауданында 5 мың басқа арналған қой фермасының құрылысы жүргізілуде
Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Қабанбай ауылында «PANA INDUSTRIES» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс барысымен танысты.
Жоба аясында Дорпер тұқымды қойларға арналған, бір мезетте 5 мың басқа дейін мал ұстауға мүмкіндік беретін қой фермасы салынуда. Нысанның жалпы аумағы 23 500 шаршы метрді құрайды.
Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, жобаны іске асыру барысында туындайтын мәселелерді уақтылы шешіп, жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті.
Жоба ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, мал шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1282223?lang=ru

Жауап қалдыру