Алакөл көлінің жағалауындағы кәріз тазарту құрылысының жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөл көлінің жағалауындағы кәріз тазарту құрылысының жұмыстары жалғасуда

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Алакөл көлінің жағалауында салынып жатқан тәулігіне 6,5 мың м³ ағынды суды тазартуға арналған кәріз тазарту құрылысының (КТҚ) екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда нысан аумағын қоршау – 80%, КПП – 60%, зертхана ғимараты – 70%, КТҚ ғимараты – 30% орындалған. Жинақтау тоғандары бойынша жер жұмыстары, гараж іргетасы, зертханадағы сылақ және қоймадағы қалау жұмыстары толық аяқталған. КТҚ-ға бұрылыс жолының құрылысы – 50%.

Сондай-ақ 30 бетон бағананың барлығы құйылып, 30 металл бағананың 19-ы орнатылды. Зертханада ішкі электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Стяжка төсеу – 80%, жарықтандыру құрылғыларын орнату – 60%, бордюр орнату – 50% орындалған.

Жұмысқа 40 адам және 8 техника жұмылдырылған.

Аудан әкімі жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Жоба іске асқаннан кейін 320 туристік және әлеуметтік нысан орталық кәріз жүйесіне қосылып, Көктұма ауылының да орталық кәріз жүйесін пайдалануына мүмкіндік беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1282247?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді