
Жылы мезгілдің басталуымен Ақтау тұрғындары велосипедті серуендеу, спортпен айналысу және қала ішінде қатынау үшін жиі пайдаланады. Сонымен қатар велосипед ұрлығының орын алу қаупі де артады.
2025 жылы Ақтау қаласында велосипед ұрлауға қатысты 25 дерек тіркелген. Мұндай жағдайлардың бірқатарында велосипед иелерінің өз мүлкіне тиісті деңгейде сақтық танытпауы себеп болған. Атап айтқанда, велосипедтер қараусыз қалдырылып, аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің маңында және басқа да қолжетімді жерлерде сақталған.
Осыған байланысты полиция тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Велосипедті ұрлықтан қалай қорғауға болады?
Велосипедті қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа ғана кететін болсаңыз да. Велосипедті тұраққа қойған кезде сенімді құлып пайдаланып, оны рамасы мен дөңгелегінен қозғалмайтын берік құрылымға бекіткен жөн.
Мүмкіндігінше велосипедті жарықтандырылған, бейнебақылау камералары бар немесе күзетілетін нысандарға жақын жерге қойған дұрыс.
Велосипедті кіреберісте, баспалдақ алаңында және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда, әсіресе түнгі уақытта қалдырмаған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1282105?lang=ru

Жауап қалдыру