
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов «Astana Invest» фронт-офисінде Fadox Group компаниясының жобалық қаржыландыру жөніндегі менеджері Зиад Сулиманимен кездесті.
Кездесу барысында Нұржан Әшімов елорданың инвестициялық мүмкіндіктері мен Астанада инвестициялық жобаларды іске асыру шарттары туралы айтып берді.
Fadox Group – инвестициялық консалтинг және басқару, жобалық қаржыландыру, мұнай-газ саласы, жылжымайтын мүлік, бағалы металдар саудасы, сондай-ақ инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар салаларында қызмет атқаратын халықаралық компаниялар тобы. Компанияның қызмет ету географиясы Таяу Шығыс, Африка және Еуропа елдерін қамтиды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1282299?lang=ru

Жауап қалдыру