
Облыстық Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Batysqa qadam» республикалық жастар лагері өтуде.
Лагерьдің ашылу салтанатында басқарма басшысы Гүлнұр Сүйеуова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, Атырау облысы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Нұрхан Мұратұлы Бағытжанов өңір жастарының жыл басынан бері атқарған жұмыстарына тоқталып, олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен жетістіктерін атап өтті.
Лагерьдің бірінші күні жастардың өзара танысуы мен топтық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған тимбилдинг ойындарымен өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жаңа ортаға бейімделіп, өзара тәжірибе алмасты.
Алғашқы күн танымдық және командалық бағыттағы іс-шаралармен қорытындыланды. Лагерьдің екінші күнінде қатысушыларды мазмұнды кездесулер, мәдени және танымдық бағдарламалар күтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1281857?lang=ru

Жауап қалдыру