«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан кімдер өте алады және оқыту қандай шарттарда жүргізіледі ?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар:

1) жұмыссыздар;

2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған, қысқартылатын жұмыскерлер;

3) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, табыс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз жеке кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;

5) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табыстары ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен адамдар;

6) табыстары ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері;

7) кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастаған және (немесе) жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлер.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін қатысушылар business.enbek.kz порталында тіркеледі.

Оқыту тегін жүзеге асырылады. Оқудан өту кезеңінде стипендия және материалдық көмек төленбейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1282288?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді