
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары «Ақжайық» телеарнасының «Активная позиция» бағдарламасына қатысты. Басты тақырып өңірдегі автогаз құю станцияларында (АҒЗС) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен апаттылықтың алдын алу мәселелеріне арналды. Бағдарлама барысында инспекторлар жұртшылық пен кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылаудың негізгі аспектілерін жеткізді. Профилактикалық бақылау бағытында жарылыс және өрт қаупі бар объектілерді пайдалану кезіндегі Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары түсіндірілді. АҒЗС-тың техникалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында газ резервуарларын мерзімді куәландырудан өткізу, автоматика мен апатқа қарсы қорғау жүйелерінің жарамдылығын сақтау міндеттілігі баса айтылды. Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларында толтыруға қатаң тыйым салынатыны ескертілді, себебі бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Сондай-ақ апаттық жағдайлар төнген немесе туындаған кездегі станция персоналының жедел іс-қимыл регламенті таныстырылды. БҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы кәсіпорын басшыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына дербес жауапкершілік жүктелетінін хабарлайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1281711?lang=ru

Жауап қалдыру