Білім беру ортасы және оқыту сапасы: Қызылорда облысына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Жамиля Есанова Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында №290 «Келешек» мектебіне барды.

Негізгі назар білім беру процесінің сапасына, білім алушылардың білім алуы мен дамуы үшін жасалған жағдайлардың тиімділігіне, сондай-ақ білім берудің практикалық бағытына аударылды.

Мектепте инженерлік-техникалық және қолданбалы дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасалған. Зертханалар мен шеберханаларда оқушылар биология, химия, робототехника, авиамодельдеу, нанотехнология, лазерлік технологиялар, агроинженерия, өнеркәсіптік дизайн, тігін ісі және аспаздық бағыттары бойынша білім алады.

Заманауи білім беру ортасы мектеп оқушыларына алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, өз жобаларымен жұмыс істеуге және одан әрі білім алуға, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Сапар барысында жасалған жағдайлардың білім беру нәтижелеріне қаншалықты ықпал ететініне ерекше назар аударылды. Оқушылардың тек білім алып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде қолдануы, өз идеяларын жүзеге асыруы және нақты жобалар мен өнімдер жасауы маңызды.

Сонымен қатар жас зерттеушілердің ғылыми және шығармашылық жұмыстары, сондай-ақ білім алушылар әзірлеген бұйымдар таныстырылды.

Педагогтер ұжымымен білім беру сапасы мен оқу жетістіктерін арттыру мәселелері талқыланып, жұмыс нәтижелері сараланды және алдағы міндеттер айқындалды.

Сапалы білім беру — бұл тек білім мен бағалар ғана емес, баланың алған білімін тәжірибеде қолдануына, өз қабілеттерін ашуына және болашаққа қажетті құзыреттерді қалыптастыруына мүмкіндік беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1282093?lang=ru