Биыл Жамбыл облысында заңсыз жанармай тасымалдаудың 333 дерегінің жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз жанармай тасымалдауға қатысты 333 дерек анықталып, 6 тонна жанармай тәркіленді.

     Полиция қызметкерлері 291 жүргізушіні тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай көліктерге жанармай тасымалдауға арналған қосымша жабдықтар орнатылғаны анықталған.

     Тағы 132 жүргізуші осыған ұқсас құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7 және 10-бөліктері бойынша жауапқа тартылды.

     Тамыз айының өзінде өңірде заңсыз жанармай тасымалдаудың 106 дерегі тіркелген. Оның 64-і тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқаруға, 42-сі осындай құқық бұзушылықты қайталап жасауға қатысты.

     Барлығы 423 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

     Полиция көлікті белгіленген талаптарды бұза отырып қайта жабдықтап, оны жанармай тасымалдау үшін пайдаланғаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1281919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді