«Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласында 25–27 тамыз аралығында өткізіліп жатқан «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің орын алу қаупі жоғары мекенжайлар араланып, азаматшаларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және оның жолын кесу, сондай-ақ азаматтарға қажетті құқықтық және психологиялық қолдау көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1281537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді