Бүгін Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Есанова Жамиля Пардакуловна жұмыс сапарымен Қызылорда қаласындағы №290 Келешек мектебіне барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасының орынбасары аумақтық департамент басшысы М. Бекмағанбетовпен бірге мектептің инженерлік бағыттағы мүмкіндіктерімен танысып, білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға және кәсіби бағдар беруге бағытталған жұмыстарымен танысты.

Мектептегі зертханалар мен шеберханаларда биология, химия, робототехника, аэромодельдеу, нанотехнология, лазерлік технология, агроинженерия, өндірістік дизайн, тігін және кулинария бағыттары қамтылған. Мұндай білім беру кеңістігі оқушыға теориялық білімін тәжірибеде сынап, өз қызығушылығы мен қабілетін нақты жобалар арқылы дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушының өз идеясын ұсынып қана қоймай, оны нақты өнімге немесе жобаға айналдыруы – білім беру нәтижесінің маңызды көрсеткіші.

Сондай-ақ сапар барысында Жамиля Пардакуловна жас зерттеушілердің ғылыми жобаларымен, шығармашылық жұмыстарымен және білім алушылардың өз қолдарымен әзірлеген бұйымдарымен танысты.

Мектеп ұжымымен кездесу барысында білім сапасы мен оқу жетістіктерін арттыру мәселелері де талқыланып, мектеп ұжымының атқарған жұмыстары сараланды және алдағы міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1282067?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді