
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес хабарлаймын:
2026 жылдың 31 тамызында сағат 12-да Үштөбе қаласында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қаратал аудандық мәслихатының кезекті 63-ші сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселе қаралады:
– «Қаратал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөніндегі есебі».
Баяндамашы: Ұ.Досымбеков – аудан әкімі.
Сессия отырысына мәслихаттың депутаттарынан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім, комитет, басқарма, мекеме басшылары, ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары мен бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Мәслихат төрағасы М.Әкімжанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karatal/press/news/details/1281621?lang=ru

Жауап қалдыру