
КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ СЫНАЛАТЫН ОРТАЛЫҚ БОЛУҒА ТИІС
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орта білім беру жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Президент алдағы үш жыл ішінде «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ошақтары заманауи педагогикалық тәсілдер мен озық білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталықтарға айналуы керектігін айтты.
Президенттің пікірінше, білім беру сапасын арттыру үшін барлық өңірдің мүмкіндігі бірдей болуы маңызды. Осыған байланысты оқу көрсеткіштері төмен облыстарға нақты қолдау көрсету қажеттігі айтылды.
Мемлекет басшысы бұл бағытта Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесіп, білім беру саласында төмен нәтиже көрсетіп отырған өңірлерге арнайы талдау жүргізіп, тиісті көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.
«Бұдан бөлек, Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесіп, төмен нәтиже көрсеткен облыстарға нақты көмек көрсетуді, мысалы, арнайы талдау жүргізуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ СЫНАЛАТЫН ОРТАЛЫҚ БОЛУҒА ТИІС
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1281773?lang=ru

Жауап қалдыру