Өскемендегі халықаралық турнир: ШҚО полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемендегі халықаралық турнир: ШҚО полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз етті

«Махi Mall» СОО-да бірнеше мың көрерменді жинаған «STEPPE WARRIORS: ULY DALA BATYRY» жекпе-жек түрінен халықаралық турнир өткізілді. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген 50 спортшы қатысты.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті, қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, патрульдеу жұмыстарын жүргізді және туындаған жағдайларға жедел әрекет етті.

Сонымен қатар, полицейлер киберқауіпсіздік және интернет-алаяқтық мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді. Азаматтарға банк карталарының деректерін, SMS-кодтар мен парольдерді бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ күмәнді сілтемелер арқылы өтпеу және бейтаныс тұлғалардың талаптарын орындамау қажеттігі ескертілді.

Адамдар көп жиналатын орындардағы профилактикалық жұмыс халықтың қазіргі заманғы алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1281558?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді