
Велосипед ұрлығы туралы шағымдар полицияға күн сайын дерлік келеді. Тек Көкшетауда осындай қылмыстардан 51 азамат зардап шекті.
Әрбір факт бойынша полицейлер жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізеді. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған адамдар, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтар тексеріледі. Ұрланған мүлікті өткізу орындарына ерекше назар аударылады.
Мәселен, өткен тәулікте Көкшетау полициясының қызметкерлері бірден екі велосипед ұрлығын ашты.
Бірінші жағдайда, екі қаскөй құны 87 мың теңге тұратын велосипедті иелері дүкеннің жанында арнайы құлыпсыз қалдырғанын пайдаланған. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жазбаларының арқасында күдіктілердің жеке басы анықталып, ұрланған велосипед табылды.
Екінші жағдайда полицейлер ағымдағы жылдың сәуір айында жасалған ұрлықты ашты. Онда белгісіз адам велосипедті тікелей үйдің ауласынан ұрлап әкеткен. Иесі келтірілген залалды 120 мың теңгеге бағалады. Ұрланған мүлік те анықталды.
Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Жыл басынан бері Ақмола облысында 70-ке жуық велосипед ұрлығы тіркелген. Оның 28 — і тұрғын үйлердің кіреберістерінен, 22 — сі аулалардан, 19 — ы көшелерден, 3-і тұрғын үйлерден орын алған, бір факті саяжайда және дүкенде тіркелді.
Талдау көрсеткендей: көп жағдайда ұрлық велосипедтерге еркін қол жетімділіктен және қарапайым қауіпсіздік шараларының болмауынан мүмкін болады.
Полицейлер еске салады: велосипедті қараусыз қалдырмаңыз, бірнеше минутқа кетуді жоспарласаңыз да, сенімді құлыптарды пайдалануды ұмытпаңыз. Қымбат велосипедтерді кіреберістер мен аулаларда қосымша қорғаныссыз қалдыруға болмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1282155?lang=ru

Жауап қалдыру