
Қала аумағын абаттандыру және жасыл желектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қураған әрі апаттық жағдайдағы ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері қала аумағында 825 қураған бұта алынып, 432 қураған ағаш кесілді. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 145 апаттық ағаш алынып тасталды.
Аталған жұмыстар қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жалғасуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1281894?lang=ru

Жауап қалдыру