Қаланың тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада елорда аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордалық полицейлер қоғамдық орындардың ластануына және абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу әрі олардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 32 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, қаланың шеткері аумағында екі жүк көлігін пайдалана отырып, құрылыс материалдарын белгіленбеген орынға, яғни ортақ пайдаланылатын аумаққа төгу фактісі анықталды. Аталған көлік құралдарының жүргізушілері құрылыс материалдарын оларды орналастыруға арналмаған жерге түсірген.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды.

Полиция осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елорданың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген талаптарды сақтауға және қоршаған аумақты ластауға жол бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1282007?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді