Қандасымыз жаңа ортаға бейімделіп, еңбек жолын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру бағдарламасы аясында 2025 жылы Қытай Халық Республикасынан Абай облысының Семей қаласына отбасымен бірге қоныс аударған қандасымыз Дусенбай Курманбек жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етуге мүмкіндік алды.

Қоныс аударғаннан кейін отбасыға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары олардың жаңа ортаға тез бейімделуіне және тұрақты өмір сүруіне оң ықпал етті.

Қазіргі таңда Дусенбай Курманбек өзінің кәсіби тәжірибесін пайдаланып, аспаз болып еңбек етуде. Ол сүйікті ісімен айналыса жүріп, отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

Дусенбай Курманбек алдағы уақытта да Семей қаласында еңбек жолын жалғастырып, кәсіби шеберлігін одан әрі шыңдауға ниетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1282029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді