
2026 жылғы 10 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 13 сотталушыны ақша қаражатын жымқыруға және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот анықтағандай, қылмыстық схема 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін қолданылған.
Сотталушы А.-ның басшылығымен топ мүшелері теміржол вагондарымен кәсіпорынға сапалы металл сынықтары ретінде едәуір бөлігін шлак, құм, қиыршық тас, топырақ және басқа да металл емес қоспалар құраған қалдықтарын жеткізуді ұйымдастырған.
Схемаға қатысушылар рөлдерді алдын ала өзара бөлген. Біреулері вагондардың кәсіпорын аумағына кедергісіз өтуін және олардағы жүкті жедел түсіруді қамтамасыз етсе, біреулері металл сынықтарындағы қоқыс көрсеткіштерін жасанды түрде төмендетуге ықпал еткен.
Осы әрекеттердің нәтижесінде «QARMET» АҚ-ға 1 млрд 503 млн 954 мың теңге мөлшерінде залал келтірілген.
Қарағанды облысының прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылары дәлелдемелердің жан-жақты және объективті зерделенуін қамтамасыз етті.
Алайда жасалған қылмыстың салдары қылмыстық жауаптылықпен ғана шектелген жоқ.
Мемлекеттік айыптау тарапының ұстанымына сәйкес сот қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру туралы шешім қабылдады. Тәркіленген мүліктің қатарында көлік құралдары, жылжымайтын мүлік және сотталғандардың банк шоттарындағы ақша қаражаттары бар.
Мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің жалпы құны шамамен 1 млрд теңгені құрады.
Сот «QARMET» АҚ-ның талаптарын қанағаттандырды. Сотталғандардан келтірілген залалды өтеу есебіне ортақ тәртіппен 803 млн 954 мың 694 теңге өндірілді.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды облысының прокуратурасы мемлекет пен өңір кәсіпорындарының мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1281747?lang=ru

Жауап қалдыру