Қарқаралы ауданында екі жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы ауданындағы Айнабұлақ және Айрық ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды. Бұған дейін бұл елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері болмаған.

Жаңа нысандар диспетчерлік бөлме, жатын орын, ас үй, қойма және гаражбен жабдықталған. Бекеттердің ашылуы шалғай ауылдардағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ашылу рәсімінде облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев пен аудан әкімі Саят Мусин жаңа нысандардың тұрғындар қауіпсіздігі үшін маңызын атап өтті. Ауыл ақсақалдары жаңа бекеттердің ашылуына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Салтанатты шара барысында Марғұлан Аманбаев аудан әкімі Саят Мусинге «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ Абай және Мәди ауылдық округтерінің әкімдері Рүстем Тақтанов пен Бек-Арыс Райым ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1282221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді