
Құқықтық көмек – маңызды қолдау
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №56 мекемесінде меморандум аясында бірлескен іс-шара өткізілді.
Іс-шараға «ALGA GROUP» заң кеңесінің өкілдері қатысып, сотталғандарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті кеңестер берді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнамалық мәселелер бойынша ақпарат беру бағытында жұмыстар атқарылды.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастырып, сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған маңызды қолдаудың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisshymkent/press/news/details/1281505?lang=kk

Жауап қалдыру