
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында орналасқан арендалық тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Самал-3 мөлтек ауданындағы екі қабатты, 20 пәтерлі арендалық тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсарту мақсатында қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында тұрғын үйдің ішкі және сыртқы бөліктерін ретке келтіру, анықталған ақауларды жою жұмыстары атқарылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1282260?lang=ru

Жауап қалдыру