Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 27 тамыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің “BGI Brazil” Президенті және “BGI GLOBAL” Вице-президенті, белгілі бразилиялық заңгер Вашингтон Фонсекамен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы, атап айтқанда Сан-Паулу штатымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар жобалар бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі әңгімелесушісін елде жүргізіліп жатқан саяси реформалармен, атап айтқанда заң шығарушы билік тармағы мен мемлекеттік басқару институттарын қайта құру жөніндегі өзгерістермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау және бір палаталы парламент – Құрылтайды сайлау мәселелерімен таныстырды.

Вашингтон Фонсека өз кезегінде Елшіні “BGI” желісінің қазіргі қызметі және Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызының артуын ескере отырып, Астана қаласында өкілдік ашу жөніндегі ниетін білдірді.

Елші Болат Нүсіпов кездесу соңында жемісті ынтымақтастық үшін сұхбаттасушыға алғысын білдіріп, екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге қосқан үлесі үшін оған Елшіліктің Алғыс грамотасын табыстады.

Анықтамалық: BGI (Balms Group International) – корпоративтік және экономикалық сипаттағы қызметтер көрсететін тәуелсіз заң фирмалары мен компаниялардың халықаралық желісі. Испанияда құрылған желі трансшекаралық мәмілелерді сүйемелдеу және күрделі халықаралық сот дауларын жүргізу мақсатында заң фирмарын біріктіреді. “BGI Global” 5 құрлықтағы 50 елде ұсынылған және корпоративтік құқық, жылжымайтын мүлік, халықаралық салықтық кеңес беру, еңбек құқығы және иммиграциялық заңнама салаларында үйлестірілген заң қызметтерін көрсететін 700-ден астам заңгерді біріктіреді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1282153?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді