Сеулде Қазақстандағы саяси жаңғырулар мен Кореямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 2026 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті қарсаңында Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясында өткен Орталық Азия саяси форумына қатысты.

Іс-шараға Корея Республикасының Ұлттық Ассамблея депутаттары, сарапшылық және академиялық топтардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ алдағы Мемлекет басшысының Сеулге сапарынан күтілетін нәтижелер қарастырылды.

Өз сөзінде Елші қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар туралы айтып өтіп, 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау қорытындыларына және жаңа бір палаталы Парламенттің қалыптасуына ерекше назар аударылды.

Өткен сайлау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған дәйекті бағытының жалғасы болғаны атап өтілді.

Саяси реформалармен қатар қатысушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, экономиканы әртараптандыру, цифрлық трансформация, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ақпарат ұсынылды.

Кореялық депутаттар мен сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге оң баға беріп, сайлаудың табысты өтуімен құттықтады және елдегі реформалардың дәйекті сипатын атап өтті.

Алдағы алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында тараптар саяси диалогты, сауда-инвестициялық байланыстарды, технологиялық ынтымақтастықты және халықтар арасындағы байланыстарды кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Алдағы сапар Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытудағы маңызды кезең болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1281543?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді