
ШҚО-да облыс әкімі екі жұмысшыны құтқарған полицейлерді марапаттады
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов адам өмірін құтқару барысында ерлік пен батылдық танытқан екі полицейге Құрмет грамоталарын табыстады.
Бұл марапатқа Ұлан аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрдәулет Тетепов пен жедел-криминалистикалық топтың криминалисі, полиция капитаны Әсет Нағашбаев ие болды.
20 тамызда Қасым Қайсенов кентінде полицейлер кәріз құдығындағы жұмыстар кезінде есінен танып қалған екі жұмысшыға көмек көрсетті.
Полиция капитаны Әсет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрекеттерінің арқасында екі азамат дер кезінде құтқарылды.
Өңір басшысы тәртіп сақшыларының ерлігін, кәсібилігін және көмекке әрқашан дайын тұратындығын атап өтіп, мұндай игі істер мен жоғары азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1281547?lang=ru

Жауап қалдыру