ШҚО-да өндірістегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақта қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ансат Исатай мәлімдеді.

Бүгінде облыста 354 қауіпті өндірістік нысан бар. 2026 жылы нормативтік пайдалану мерзімі аяқталған 603 бірлік жабдық пен технологиялық желіні жаңарту жоспарланған.

Кәсіпорындарда өндірістік бақылауға ерекше көңіл бөлінуде. Қызметкерлердің орналасуын бақылау, авариялық хабарлау, автоматты өрт сөндіру және жабдықтарды қашықтан басқару жүйелері енгізілуде.

Бұдан бөлек, облыстағы 45 кәсіпорын Vision Zero – «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасына қосылған. «Халықтық бақылау» жобасы 14 кәсіпорында жүзеге асырылып жатыр.

Қазір еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша 679 өндірістік кеңес жұмыс істейді.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282269?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді