Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 тамызда «Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде басқарма мамандарының қатысуымен кезекті заңнамалық-түсіндірме семинары өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты — қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Семинар барысында басқарма басшысы А.С. Доскалиева баяндама жасап, қолданыстағы заңнама талаптарын нақты түсіндіріп өтті. Өз сөзінде басшы әрбір мемлекеттік қызметшінің заң үстемдігін қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігіне ерекше тоқталып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану қажеттігін ескертті. Қатысушылар күн тәртібіндегі тақырыптарды қызу талқылап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру бойынша өзара пікір алмасты. Семинар соңында қызметкерлер өздерін мазалаған өзекті сұрақтарына нақты әрі заңнамалық тұрғыдан негізделген жауаптар алды. Басқарма бұдан былай да мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізе бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1281530?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді