Темір ауданында еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті РММ-нің еңбек саласын бақылау бөлімінің басшысы Қасенова Анар Бауыржанқызы және еңбек саласын бақылау бөлімінің бас маманы Есалиева Лейла Бурабекқызы Темір ауданының Мансап орталығы ұйымдастырған семинарға қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, жұмыскерлердің құқықтарын күшейту, нақты еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда еңбек шарттарын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттармен заңсыз алмастыруға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Кездесу барысында еңбек қатынастарын тиісті түрде рәсімдеу, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтатудың негіздері мен тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тиісті түрде рәсімдеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екендігі атап өтілді. Жұмыс берушінің жұмыскерді өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүрлеуіне жол берілмейтіні түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1281922?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді