ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында алғаш рет хоккейден «QAZAQSTAN KUBOGY – 2026» республикалық турнирі өтеді.
Ауқымды спорттық дода 27 – 30 тамыз аралығында Түркістан қаласындағы Мұз сарайында ұйымдастырылады.
Турнир аясында еліміздің әр өңірінен келген жас хоккейшілер мұз айдынында өзара бақ сынап, жеңіс үшін тартысқа түседі.
Спортшылардың шеберлігі мен командалық ойын үлгісін тамашалап, жергілікті хоккейшілерге қолдау көрсетуге шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Мұз сарайы.
Түркістандағы хоккей додасына бірге куә болайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1281503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді