Жаңа Бұқтырма ауылында, көрікті Бұқтырма жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің авариялық-құтқару мақсатындағы мобильді бекеттің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Бұқтырма ауылында, көрікті Бұқтырма жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің авариялық-құтқару мақсатындағы мобильді бекеттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Арынов және облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Какенқаджыұлы Баяхметов қатысты.
Құтқару бекетінің ашылуы — Бұқтырма жағалауындағы тұрғындар мен қонақтардың, әсіресе шомылу маусымы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
Жаңа нысан демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сенімді тірек болып, суда орын алған төтенше жағдайлар кезінде қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік берсін.
Құтқару бекетінің қызметкерлеріне қауіпсіз қызмет, қырағылық және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы жауапты еңбектеріне толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-nikolskii/press/news/details/1281560?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді