
2026 жылғы 28 тамызда педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыстың мақсаты-Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары негізінде 2026-2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін, адамгершілік құндылықтарын және экологиялық санасын қалыптастырудың тиімді тетіктерін талқылау болды.
Секция барысында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру, «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне енгізу, сондай-ақ білім беруді цифрландыру жағдайындағы тәрбие жұмысының заманауи тәсілдері қарастырылды.
Секция жұмысы аясында келесі баяндамалар ұсынылды:
* Алмабаева Айгерим Нурлановна – «2026-2027 оқу жылында тәрбие жұмысынұйымдастырудың негізгі бағыттары»;
* Иманғалиева Анар Болатханқызы – «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру-тәрбие жұмысының басым бағыты»;
* Құйқалақова Құралай Әділбекқызы-«Келешек мектептері» мектептерінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру: өзгерістер мен толықтырулар»;
* Мейірбаев Мади Қанатұлы-«Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары және тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері»;
* Тыштыбаева Эльвира Мұратқызы-«Білім беруді цифрландыру жағдайындағы тәрбие жұмысындағы жаңа бағыттар» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Баяндамашылар тәрбие жұмысын жетілдіру, заманауи тәрбиелік тәжірибелерді енгізу, білім алушылардың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетін дамыту, сондай-ақ тәрбиелік үдерісте цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды.
Секциялық отырыс қорытындысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, 2026-2027 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіруге және мемлекеттік тәрбие саясатын тиімді іске асыруға бағытталған практикалық ұсынымдар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282274?lang=ru

Жауап қалдыру