Жаңа оқу жылы: Ақтауда жол қауіпсіздігіне арналған жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылының басталуына орай Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта көлік қозғалысының қарқындылығы, жол учаскелерінің қауіптілік деңгейі және тұрғындардың өтініштері ескеріле отырып, қала аумағында жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте олар мектептер мен балабақшаларға, балалар ойын алаңдарына, медициналық ұйымдарға жақын орналасқан және көлік ағыны жоғары жол учаскелеріне орнатылады.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары жаңартылып, жолақтар қайта сызылуда. Қажетті жол белгілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі де қамтамасыз етілуде.

Аталған шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, көлік қозғалысын реттеуге және жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың, жолдан қауіпсіз өтуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жүргізушілерден мектептер мен балабақшалар маңында жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануды және жол белгілеріне мұқият болуды сұраймыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1282201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді