
Павлодар облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Нұржалғас Зекен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Тексеру барысында бейнебақылау жүйелерінің жай-күйіне, өткізу режимінің ұйымдастырылуына, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жарамдылығына, аумақтың жарықтандырылуына, қоршаулардың, кіреберіс топтарының және эвакуация жолдарының жағдайына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ іргелес аумақтарға шолу жасалып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар тексерілді. Бұл шаралар ықтимал төтенше жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Білім беру ұйымдарының әкімшілігімен қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру, штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету және белгіленген талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп келеді және білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдай жасауға, объектілердің қорғалу деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1282110?lang=ru

Жауап қалдыру