
Жарнама – тіл тазалығының көрінісі
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен квазимемлекеттік сектор, кәсіпкерлік субъектілері өкілдері, жарнама мәтіндерін түзетуге атсалысып жүрген азаматтар және тіл жанашырлары арасында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – жарнама мәтіндерінде мемлекеттік тілдің сауатты әрі дұрыс қолданылуын насихаттау, тіл мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік тілге деген жауапкершілікті арттыру.
Байқау барысында кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың тілдік талаптарға сәйкестігі бағаланды. Қатысушылардың мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы қолданысын кеңейтуге қосқан үлесі де назарға алынды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар алғысхаттармен және жүлделі орындармен марапатталды.
Алғысхатпен Жұмабай Жауғашардың «Адал» ЖК-сі (Қызылқоға ауданы), Жәрдемов Қобланның «Bates ana shubaty» кәсіпкерлік нысаны (Исатай ауданы) және Атырау қаласындағы «Сабиров» жарнама агенттігінің басшысы Сабиров Аманбек марапатталды.
ІІІ орын – Махамбет ауданындағы «Zere» ЖК өкілі Қарағайшина Гүлназға;
ІІ орын – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазим Тілекқабыл; (Атырау қаласы)
І орын – Жылыой ауданындағы «Anar Beysen» ЖК өкілі Жүнісова Анарға берілді.
Ал, бас жүлде – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Ақсұңқарға табысталды. (Атырау қаласы)
Бас жүлде иегері байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. Сауатты жарнама – сапалы қызметтің ғана емес, мемлекеттік тілге деген құрметтің де белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1281586?lang=ru

Жауап қалдыру