Алматының тазалығы – баршамызға ортақ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті!

Таңертеңнен бастап Үлкен Алматы өзенінің арнасы бойында қызу жұмыс жүргізілді. Ортақ мақсат — сүйікті қаламызды таза әрі көрікті ету жолында 140-тан астам адам бірлесе еңбек етті. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің мамандары, еріктілер және ауданның белсенді жастары қатысты.

Атқарылған жұмыс ауқымды болды!  11 бірлік арнайы техниканың көмегімен шамамен 50 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды.

Алмалы ауданының тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосып, сенбілікке белсенді қатысқан әрбір азаматқа шын жүректен алғыс білдіреміз! 

Таза қала әрқайсымыздан басталады. Бірге Алмалы ауданын одан әрі таза, жайлы әрі көрікті етейік! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1282388?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді