
📍Ордабасы ауданында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттерді пысықтау мақсатында 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанына арналған шақыру комиссиясының мәжілісі өтті.
📍Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы, шақыру комиссиясының төрағасы Жуманалы Кадиев жүргізді.
📍Мәжілісте әскерге шақырылушыларды іріктеу, медициналық тексеруден өткізу, әскери қызметке жарамдылығын анықтау және әскери бөлімдерге уақтылы жөнелту мәселелері қаралды.
📍Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, полиция және денсаулық сақтау саласының басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, күзгі науқанның ұйымдастырылу барысына тоқталды.
📍Сонымен қатар әскери есепте тұрған азаматтардың деректерін нақтылау, тұрғылықты мекенжайы бойынша табылмаған азаматтарды анықтау және шақырылушыларды қажетті бейінді мамандардың медициналық тексеруінен өткізу мәселелері талқыланды.
📍Жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын күшейту, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жауапкершілікпен қарауға бағытталған шараларды жалғастыру қажеттігі айтылды.
📍Жиын қорытындысымен жауапты мекемелерге күзгі әскерге шақыру науқанын белгіленген жоспарға сәйкес сапалы ұйымдастыру, шақырылушылардың комиссияға уақытылы келуін қамтамасыз ету және тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1282316?lang=ru

Жауап қалдыру