Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері 500-ге жуық су саласының маманы шетелде біліктілігін арттырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері қазақстандық су саласының мамандары шетелдік тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келеді. Бүгінде елден тыс жерлерде 498 маман білім алды.

Мәселен, 2023 жылы 14 маман Корея Республикасы, Германия және Израильде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2024 жылы екіжақты меморандум аясында Нидерландтағы IHE Delft Су білім беру институты ұйымдастырған су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша курстар басталды. Екі жыл ішінде бұл курстарға 70-тен астам маман қатысты.

2025 жылы 30-дан астам маман Өзбекстан, Үндістан, Түркия, Қытай, АҚШ, Нидерланд, Оңтүстік Корея және Ресейде біліктілігін арттырды. Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (IOFS) мен Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастырған семинарларға 156 маман қатысты.

25 қазақстандық маман Нидерландтың Witteveen+Bos компаниясының қолдауымен курстардан өтсе, тағы 125 маман Power China компаниясының қаржыландыруымен Қытайда білім алды.

Биыл Power China компаниясының қолдауымен 40-қа жуық отандық су саласының маманы Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар 2026 жылдың басынан бері Финляндия, АҚШ, Израиль, Швейцария, Германия және Жапонияда тағылымдамалар ұйымдастырылды.

«Министрлік су ресурстары саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты белсенді түрде жолға қойып келеді. Екіжақты өзара іс-қимыл аясында қазақстандық су саласының мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар әзірленіп жатыр. Оларға қатысу арқылы біздің мамандар өздерінің күнделікті жұмысында қолдана алатын өзекті білім мен озық дағдыларды меңгереді», деді Су ресурстары және ирригация министрі міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1282345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді