
Алматыда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынуда. Жаңа оқу жылының қарсаңында қаладағы барлық мектептердің аумағы түгелдей тексеріліп, анықталған кемшіліктер жойылып жатыр. Сонымен қатар төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда:
• Қауіпсіздік сабақтары: Бірінші тоқсан бойы барлық сыныптарда полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізеді және әрбір мектепке тәртіп сақшылары бекітілді.
• Балаларды тасымалдау: 60 мектепте оқушыларды ұйымдасқан түрде тасымалдау жолға қойылып, бұл мақсатта 300-ге жуық автобус жұмылдырылды.
• Электросамокаттарға қатысты шектеулер: 25 тамыздан бастап кәмелетке толмағандарға тротуарлар мен жалпы пайдаланымдағы жолдарда электр самокат басқаруға қатаң тыйым салынды. Осыған орай полиция ата-аналарды балаларға жалға беру сервистеріндегі жеке аккаунттарын бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1282439?lang=ru

Жауап қалдыру