ХРОМТАУДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау ауданында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.

Биылғы басқосу «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамытудағы білім беру жүйесінің стратегиялық негіздері» тақырыбына арналды.Жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Қасымхан Мұстапа құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерге жаңа оқу жылында шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Конференцияға қатысқан Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Аккенже Тындыбаева да білім саласы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Шерхан Отаров 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылындағы негізгі міндеттер мен білім беру саласының басым бағыттарын атап өтті.

Жиын барысында білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтер марапатталып, жоғары нәтижелер көрсеткен білім беру ұйымдарына арнайы сыйлықтар табысталды. Шығармашыл ұстаздар мен дарынды оқушылар өз жетістіктері мен озық тәжірибелерін ортаға салды.

Конференцияда заманауи білім беру технологияларын енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, STEM бағыттарын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, адами капиталды қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында білім сапасын арттыру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.820:55

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1282442?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді