
Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Сол жағалау саябағы аумағында ашылған «Ретро-музейдің» салтанатты рәсіміне қатысты.
Жаңа музейдің басты ерекшелігі – өткен ғасырдың ортасында өндіріс, шаруашылық және қорғаныс салаларында пайдаланылған 30-ға жуық техникадан тұратын бірегей экспозиция. Мұнда тарихта із қалдырған техникаларды көруге болады. Экспозицияда ГАЗ-АА жүк көлігі, ЗиС-8 автобусы және ГАЗ М-1 автокөлігі бар.
Музейдің ашылу салтанатына келген қонақтар жаңа экспозицияны алғашқылардың бірі болып аралап, әр техниканың тарихымен танысты.
Ашылу бағдарламасы аясында модельдеу бойынша шеберлік сабақтары, фотозоналар және балалар мен ересектерге арналған басқа да танымдық әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Ретро-музей» енді Өскемендегі тарихи жадыны жаңғыртып, техникалық мұраны таныстыратын жаңа мәдени орындардың біріне айналып отыр. Мұнда келушілер өткен ғасырдың тынысын сезініп, сол замандағы техникалардың тарихына үңіле алады.
«Тарихсыз – болашақ жоқ», – деді облыс әкімі.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282430?lang=ru

Жауап қалдыру