Құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылында, Каменское су қоймасы маңында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел адам қайықта болған.

Желдің күрт күшеюіне байланысты олар өздігінен жағалауға жете алмаған.

Азаматтарға көмекке жедел түрде құтқарушылар келді. Құтқарушылар жүзу құралының көмегімен ер адам мен әйелді жағаға жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1282408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді