Сеулде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 2026 жылғы 27 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық іс-шара өткізді.

Іс-шараға Корея Республикасының сарапшылары қоғамдық-саяси және академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали ядролық сынақтардың ауыр зардаптарын бастан өткеріп, әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен өз еркімен бас тартқан Қазақстанның қазіргі антиядролық саясатын айтып өтті.

1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы қабылданған тарихи шешімге ерекше назар аударылды. Кейіннен дәл осы күн Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жарияланды.

Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу және ядролық қатерлерді азайту ісін дәйекті түрде қолдап келе жатқаны атап өтілді.

Пікірталас барысында геосаяси шиеленіс пен халықаралық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің күшеюі жағдайында антиядролық күн тәртібінің маңызы арта түсетіні, ал диалог, өзара сенім және дипломатия орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етудің баламасыз құралдары болып қалатыны айтылды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің өз тарихи тәжірибесіне негізделген бірегей моральдық беделін атап өтті.

Іс-шара соңында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні өткеннің қайғылы салдарын еске алумен қатар, мемлекеттерді болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін ортақ жауапкершілікке үндейтіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1282432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді