ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

  Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда құрамында 240-қа жуық спортшы қатысты.

  Кубок қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің BATYR TEAM құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

  Бұл нәтиженің маңызы ерекше. Себебі ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

  Жарыс «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» атты екі бағыт бойынша өтті.
 
  Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша ТЖМ спортшылары жалпы 41 медаль жеңіп алды:
🥇 12 алтын медаль
🥈 11 күміс медаль
🥉 18 қола медаль

🏆 ҚОРЫТЫНДЫ: 15 команда мен 240-қа жуық спортшы арасында жалпыкомандалық есепте 1-орын.

  Бұл жетістік ТЖМ қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысын және команданың ауызбіршілігін көрсетеді.

  ТЖМ Қазақстан Республикасының құрама командасы – BATYR TEAM спортшылары министрлікті республикалық спорт аренасында лайықты таныстырып, ТЖМ жүйесінде қоян-қолтық ұрыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1282424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді