📌 Еңбек заңнамасын түсіндіру — еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекторы Асем Қасымова Қарқаралы ауданының «Оңалту» орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен құқық бұзушылықтар туындаған жағдайда әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында жұмыс берушінің кінәсінен болған бос тұрып қалуды ресімдеу және бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыскерлерге бос тұрып қалуды құжаттамалық ресімдеу, оны жариялау және оған ақы төлеу тәртібі, сондай-ақ аталған кезеңде жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуына берілетін кепілдіктер бойынша еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еңбек заңнамасы нормаларын қолдану бойынша қажетті түсініктемелер алды.

Осындай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек құқықтары мен міндеттерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Еңбек құқықтарыңды білу — оларды қорғай білудің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1283194?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді