2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына байланысты маңызды ақпарат!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📢 Құрметті Арасан ауылдық округінің тұрғындары!
🔥 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына байланысты маңызды ақпарат!
Қазіргі таңда алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде еліміздің жылу беру кәсіпорындарына көмір жеткізу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты күз айларында коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдайтын вагондар санының уақытша қысқаруы күтіледі.
⚠️ Бұл жағдай халыққа көмір жеткізу мерзіміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан жылыту маусымы басталған кезде қатты отын тапшылығына жол бермеу және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында тұрғындарға көмірді алдын ала сатып алу ұсынылады.
🏠 Арасан ауылдық округі әкімдігі жеке тұрғын үйлердің иелеріне және қатты отын пайдаланатын барлық тұрғындарға қажетті көмір қорын жазғы және күзгі кезеңде, көмір тұйықтары мен арнайы қоймалардан алдын ала сатып алуды сұрайды.
✅ Көмірді ертерек дайындау:
• қыс мезгілінде көмір тапшылығының алдын алады;
• жеткізу кезіндегі кідірістерге тәуелді болмауға мүмкіндік береді;
• жылыту маусымын алаңсыз өткізуге жағдай жасайды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1282456?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді