2026 жылғы 21 тамызда техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 21 тамызда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Б. Абдрахманованың төрағалығымен техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.

        Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

        Тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.М. Досанов сөз сөйлеп, тыңдаушылар назарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды саралау және жолдау тәртібі: практикалық аспектілер» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

        Сабақ барысында әкімшілік құқық бұзушылық құрамдарын дұрыс саралау, оларды құжаттамалық растау, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тиісті материалдарды уәкілетті органдарға уақтылы жолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

        Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1282842?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді